Әкімдік тұрғын үйдің балкондарына Қазақстан туларын фотошоппен салып қойған

Әкімдік суретті Instagram-нан өшіріп үлгерді, бірақ интернеттен өшіре алмады :)


15/12/2021
13:14 38243 0

Фото: tengrinews.kz

 

Алматы облысы Талғар ауданы Панфилов аулының әкімдігі көпқабатты үйдің балкондарына Қазақстан туын фотошоппен салып қойған

 

Осылай олар жергілікті халық «Терезедегі ту — менің туым» акциясына белсене атсалысып, балкондарына ту іліп қойғанын көрсеткісі келген. 

 

Жұрт сурет өңделгенін байқағаннан кейін әкімдік оны Instagram парақшасынан алып тастады. 

 

Кейін Талғар ауданының әкімдігі фотошоптың себебін түсіндірді

 

— Ауыл әкімдігінің маманы туларды ілу үшін сол үйде тұрып жатқан отбасылардан рұқсат сұрады. Тұрғындар қуана келісті. Бірақ айтылған уақытта туды бір отбасы ғана ілді. Қалғандары Алматыға не демалуға кетіп қалған. Сөйтіп, маман тек бір ту іле алды. Барлық отбасының рұқсаты болғасын қалған туларды (фотошоппен — ред.) салуды жөн көрген. Бірақ посты сол күні алып тастады, — дейді орган. 

 

Әкімдіктегілер бұл жаңалық БАҚ-та тез тарағанына таңғалады. 

 

«БАҚ мемлекеттік ту бейнеленген кәмпит қағаздары кейін қоқысқа тасталатынына мән бермейтіні қызық».

Поделиться

Нет комментариев.

15/12/2021 13:14
38243 0

Уведомление